Рамазан айының келуімен он жетінші маусым күні «Иманғали» орталық мешітінде кешкі тарауих намазында қарилардың қатысуымен хатым басталған болатын. Атап айтқанда, Түркия елінің Діни басқармасы тарапынан мұнайлы өңірге келген қари Илхами Топал және жеті қырағаттан ижаза иесі (яғни, Құранды оқудың жеті жолын меңгерген), қари Еркінбек Шохаев жамағатқа хатым өткізді.
14-шілде күні аталған тарауих хатымы да аяқталды. ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы хатымның дұғасын жасап, халыққа ынтымақ, елге есендік және қасиетті айда жомарттық танытып, қайырымдылық көрсеткен жандарға береке тіледі.
Мұнан соң Құран жаттаудың және қаридың діндегі орны жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, күнделікті күйбең жұмысына қарамастан тарауих хатымына көңіл қойған Керімбекұлы Еркінбек қариға «Иманғали» орталық мешіті және жамағат атынан қазақы дәстүрмен құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты. Ораза бойы тарауихтан қалмаған жамағат та қариға шексіз алғыстарын білдірісіп жатты.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.07.2015
3430
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру