Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әкімнің қабылдауында болды

16.07.2015 3224 0 пікір

Жақында Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов Қостанай қалалық мешітінің Бас имамы Шоқан Әмірханов қажы бастаған ақсақалдар алқасының мүшелерін қабылдады.

Онда облыс басшысы өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық хал-жағдайына тоқталды. Сондай-ақ дін қызметкерлері мен ардақты ақсақалдарымыздың Елбасының жүргізіп жатқан  салиқалы саясатына қолдау көрсетіп жатқандықтарын да атап өтті.

Осы қабылдауда ақсақалдар өз сөздерінде Қостанай қалалық мешітінің ел игілігі үшін атқарып жатқан  қызметі және  имандылық ордасындағы шешімін күтіп тұрған мәселелерді баяндады.

Облыс әкімі олардың өтініш-тілектерін тыңдай келе алдағы уақытта имандылық ордасына қолдан келген көмегін аямайтындығына сендірді.


ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру