Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жеңімпаз шәкірт Умраға жолдама алады.

16.07.2015 3453 0 пікір

Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп көр кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде.

Бабаларым, Рахмет сендерге!.. -деп ұлы ақын Мұқағали Мақатаев жырлаған.

Иә, адам дүниеге келерде Отанын, Ұлтын, Ата-анасын таңдай алмайды. Оларды Алла Тағала нәсіп етеді. Ал дінді таңдау еркін адамның өзіне қалдырған. Бақытымызға орай біздің дана бабаларымыз ұрпағының қамы үшін хақ дінімізді осыдан мыңдаған жыл бұрын таңдап қойған.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің  «Дін мен дәстүр» жобасын жүзеге асыру мақсатында ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде Павлодар облысына қарасты мешіт шәкірттері арасында «Бабаларым, рақмет сендерге!» деп аталатын сайыстың 1-кезеңін ұйымдастырып өткізді.

Сайыс имамдар мен шәкірттердің интелектуалдық білімін, шешендік қабілетін арттыруға, сондай-ақ діни білімін де көтеруге, Ислам дінін жаңа әдіс-тәсілдермен насихаттауды үйретуге бағытталады. Осы жолғы кезеңге қала, аудан, ауыл мешіттерінен барлығы 20-ға жуық шәкірт қатысып білімдерін сарапқа салды. Сайысқа білімді де білікті имамдар мен әдебиетшілер төрелік жасады.  Қорытындысында Екібастұз, Железин, Успен, Қашыр ауданы мешіттерінің  және қалалық «Бижан», «Ақмешіт» мешітінің барлығы 10 шәкірт сайыстың келесі кезеңіне өтті. Олар келесі кезеңінде  таңдаулы хадистермен мағыналас мақал-мәтелдер бойынша білімдерін сарапқа салады.

Сайыстың екінші кезеңі алда Құрбан Айт мерекесі қарсаңында жалғасын тауып, үшінші кезеңі Мәуліт мерекесіне орай жүргізіліп, қорытындысы шығарылады.

Бәйге қорытындысы  жеңімпаз деп танылған шәкірт қасиетті Мекке-Мединеге умра қажылығын өтеуге жолдама алады деп жоспарлануда.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру