Семей қаласындағы Қос мұнаралы орталық мешітінде қасиетті Қадір түнін қарсы алу мақсатында халық көп жиналды. Бұл түні Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы жиналған жамағатқа Қадір түнінің қасиеті турасында уағыз айтты.
Жиналған жамағат Қос мұнаралы орталық мешіт жанындағы хатымханада мешітінің ұйымдастыруымен жайылған дастарқаннан ауыз ашты. Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсаттың ұйымдастыруымен келушілерді тегін бірнеше жеңіл көліктер әзірленді. Қаланың шеткі аймақтарында тұратын ақсақалдар мен аналарымыз, жас балалар түні бойына тегін тасымалданды. Қадір түнінде қаламыздың кәсіпкерлері келген жамағатқа тегін сусындар таратылды
Өкіл имам бастатқан қала имамдары қаламыздағы жылдағы дәстүр бойынша Қадір түнінің маңыздылығынын айтып ТВК-6 теле арнасында 5-6 сағат бойы тікелей эфирден көрсетілді.
Алла Тағала елімізге тыныштық, береке, отбасымызға амандық берсін! Әмин!
Қос мұнаралы орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.07.2015
2842
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру