Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы орталық мешіті «Рамазан тартуы» атты қайырымдылық шаралар өткізді

15.07.2015 3438 0 пікір

Қасиетті ораза айының және келе жатқан киелі айт мерекесінің құрметіне Алматы орталық мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық шаралары өткізілді.

Рамазан айының басында әлеуметтік жағдайы төмен, түрлі жағдайдағы, жәрдемге мұқтаж 50 отбасыға қаржылай көмек көрсетілген болатын. Бүгін орталық мешіт ауласында тағы да 100 отбасыға 10 кг. ұн, 5 кг. қант, 5 кг. күріш, 8 кг. макарон, 5 л. күнбағыс майы, 3 кг. қарақұмық өнімдерімен көмек көрсетілді. ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбет келген жамағатты Рамазан айымен құттықтап, отбасыларына тыныштық пен береке тіледі. Бас имам тағдырдың қиындықтары Алланың берген сынақтары екендігін айтып, жамағатты шүкіршілік етуге шақырды. Сонымен қатар мұндай шаралар алдағы уақытта жалғасатындығын айтты. Қайрымдылық шараға келген жамағаттар мешіт ұжымына өз алғыстарын білдіріп, ақ батасын жаудырды.

 Алматы орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру