Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Орбита» мешіті: 50 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді

15.07.2015 3158 0 пікір

Биыл қасиетті Рамазан айында жылдағы дәстүрге сай Алматы қаласындағы «Орбита» мешіті де тұрмыс жағдайы төмен 50 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.

«Рамазан – қайырымдылық айы. Бүгінде Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен барлық мешіттерде қайырымдылық акциялар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл – біздің Рамазан айындағы сыйлығымыз. Алла Тағала баршамыздың қасиетті айда ұстаған оразамызды қабыл еткей», – дейді «Орбита» мешітінің Бас имамы Асан Тілеубердиев.

50 отбасына арналып азық-түлік ретінде берілген қайырымдылық көмекті осы мешіттің наиб имамы Мұхтар Сейітов үлестірді.

 

«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру