Қадір түні ең қайырлы түн. Алла Тағала оны берекелі етті. Онда Құранды түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі.
Осы түні мешітке ғибадат тыңдауға келген қауыммешіт қызметкерлері айтқан уағыздарды тыңдады. Ораза биыл күннің ыстық мезгіліне тап келсе де оразаны қиналмай ұстағандарын айтқан жандар Қадір түнінде мешітте бас қосып, насихат тыңдап, тілек тілеумен таңды қарсы алды.
Биылғы жылы Рамазан айы өзіндік ерекшеліктермен есте қаларлықтай өтіп жатыр. Мешітімізде қатарынан екі хатым түсірілді. Тарауих намазында жылда хатым түсіріліп келсе биылғы жылы мешітімізде тәһажжут намазында да Құранды тағы бір рет хатым қылу нәсіп етті.
Сонымен қатар күні-кеше өткен Қадір түнінде 1000-ға тарта кісіге ауыз аштырып сәресі берілді.
Сондай-ақ, ҚМДБның төрағасы Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреті мешітімізге арнайы келіп, Қадір түнінде құлшылық жасауға келген жамағатпен жүздесіп, қасиетті Қадір түнімен құттықтады. «Алла Тағала бір ай бойы ұстаған оразаларымыз бен Қадір түнінде жасаған дұғаларымызды, тілектерімізді қабыл еткей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Әр бір отбасына бақыт, береке тілеймін» - деп бата жасады.
Бас мүфти хазіретіміздің мешітімізге келіп, халық үшін дұға жасағанына «Достық» елді-мекені тұрғындары және мешіт жамағатымыз ерекше-бір серпіністе болып, өз ризашылықтарын білдіріп жатты.
«Музаммль» мешітінің баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.07.2015
3234
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру