Маңғыстау облыстық орталық мешітіне Қадір түнін күтуге жиналған жұртшылықтың қарасы көп болды. Мешіт ауласына бес киіз үй мен арнайы екі жүз адам сыятын шатыр тігілді.700 ден астам жамағатқа ауызашар және сәресі де берілді.
Бұл күнгі ауызашарға облыс әкімдерінің орынбасарлары шақырылған болатын. Рамазан дастарханына құрмет көрсетіп, қонақ болып келген облыс басшылығы өкіл имам С.Сейтбековтің Қадір түні жайлы уағызын тыңдады. Мұнан соң қонақтарға қасиетті ай үшін арнайы даярланған ҚМДБ кітаптарынан тұратын "Рамазан" атты жиынтық сыйға берілді.
Қадір түнінде мешіт имамдары уағыз айтып, халыққа бұл күннің мән маңызын, қандай құлшылықтар жасау керектігін түсіндірді. Еліміздің бейбіт күні үшін дұға жасалып, мешіт қариялары келешегіміздің кемел де жарқын болуын тілеп, бата жасады.
Бұл түні бес мыңға жуық тұрғындар облыс мешітінің іші сыртын лық толтырды. Бірі намаз оқыса, бірі тілегін айтып, бірі Құран оқып, әркім хал қадірінше Аллаға құлшылық етті.
Мешіт тарапынан берілген сәресімен ауыз бекіткен жамағат таң намазын оқып тарасты.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.07.2015
3350
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру