Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қадір түні құлшылыққа толы болды (ФОТО)

15.07.2015 2872 0 пікір

Қасиетті Рамазан айында шілденің 13-нен 14-не қараған түн Ләйләтүл-Қадр, яғни Қадір түні аталып өтті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Қадір түні жоғары деңгейде аталып өтіп, жиылған жамағатқа арналып бірнеше шаралар ұйымдастырылды.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Әлібаев Нұржан Нұрмағамбетұлы қатысып, аймақ тұрғындарын атаулы күнмен құттықтады.

Содан кейін ең алдымен тарауық намазы оқылып, Хатым дұғасы жасалынды.

Өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы қари ұстаз Азизов Абдухолиқке жамағат алдында алғысын білдіріп, сый-сияпат тарту етті.

Сонымен қатар, осы күні жамағатқа бірнеше уағыздар айтылып, құлшылық маңыздылығы түсіндіріліп, Қадір түнінің ерекшеліктері мен артықшылықтары насихатталды.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жыл сайын қасиетті айдың құрметіне жамағат пен жаппай халық арасында мақалалар бәйгесін ұйымдастырады.

Биылғы мақалалар бәйгесі «Құлшылық  самалы – Рамазан» атауымен ұйымдастырылып, жеңімпаз атанған шығармашыл қауым арнайы дипломмен және қаржылай сыйақымен марапатталды.

Өңіріміздегі діни бағытта ұйымдастырылған шараларды және мешіттің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараларды белсенді ақпараттандырып жүрген жергілікті БАҚ өкілдерін өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы ерекше атап өтіп, марапаттады.

Қадір түнінде мешітке жиналған халық санында шек болмады. Жамағатты сергіту, олардың діни іліміне шыңдау жүргізу мақсатында арнайы викториналық сұрақтар ойыны өткізіліп, жауап берген жамағатқа бағалы сыйлықтар табысталды.

Әйел адамдар мен ер азаматтар арасында өткізілген ойынға жамағат аса қызығушылықпен белсене қатысты.

Қадір түні аясында жамағатқа арнайы сәресі ұйымдастырылып, көпшілік ризашылығын білдірді.

 


Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру