Алматы қаласы Алмалы ауданы «Төле би» мешітінің жамағаты мың айдан қайырлы, дұғалар қабыл, сауабы 83 жылмен тең болатын қасиетті Қадір түнін ерекше құлшылықпен қарсы алды.
Қадыр түнін мешіт ұжымы жоғары дайындықпен өткізді. Атап айтқанда, мешіт ауласына арнайы үлкен көлемдегі заманауи экран орнатылып, бейне роликтер көрсетілді. Мешітке жиналған 3000-нан астам жамағат Құптан, тарауық намаздарын оқып, ҚМДБ пәтуа және шариғат бөлім меңгерушісінің орынбасары Сансызбай қажы Құрбанұлының, теология ғылымдарының докторы Мұхитдин Исаұлының, пәтуа бөлімінің бас маманы Бауыржан Әлиұлының уағызын ұйып тыңдады.
Діни басқарма жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының директоры және Алмалы ауданы мен «Төле би» мешітінің Бас имамы Кенжеәлі қажы Мырзабайдың бастамасымен Рамазан айында жамағатқа сәресі беріліп келеді.
«Баршамызға қасиетті Қадір түні мүбәрак болсын. Дұға-тілектеріміз, қосымша құлшылықтарымыз қабыл болсын. Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық нәсіп еткей», – деп дұға жасады Бас имам К.Мырзабай. Тарауық намазынан соң мешіт имамдары таңға дейін жиналған жамағатқа уағыз айтып, сұрақтарына жауап берді.
«Төле би» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.07.2015
3234
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру