Мүбәрак айда мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық жасауға үндеген ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай, Алматы қаласы, Наурызбай ауданына қарасты Қарағайлы мешіті Рамазан айының құрметіне мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қайырымдылық жасады.
Қарағайлы мешітінің бас имамы Ермек Жамбылұлының бастамасымен Рамазан айында мешітімізге көмек сұрап келген көп балалы отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға, мүгедек жандар мен асыраушысынан айырылғандарға бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, көмек қолын созды.
Өз кезегінде көмек алған азаматтар мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.
Рамазан рақымдылық пен сауаптардың еселеніп жазылатын айы болғандықтан, бұл айда жасалған қайырымдылықтардың қайтарымы да қарымды болмақ! Қайырымды істеріміз көп болғай!
Наурызбай ауданы Қарағайлы мешітінің баспасөз қызметі





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.07.2015
3229
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру