Аягөз қалалық мешіті мен аудандық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімі, жастар орталығы бірлесе отырып, Рамазан айының ақырығы күндері, қадыр түні қарсаңында «Қайырлы іске үлес қос» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Қаладағы отбасы үлкен, жағдайы аз қамтылған 60 жанұяға екі пакетке салынған азық – түлікпен үйлеріне таратты. Бұл акцияға Аягөз қаласынан бірнеше азаматпен азаматшалар өз үлестерін қосты. Мешіт имамы Думан Нәдірұлы мешіт ауласына жиылған жастар бөліміне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қайырымдылық ісіне сәттілік тіледі. Ауданның бас имамы Думан Нәдірұлы бастаған жастардың қолынан азық-түлік салынған пакеттер алған тұрғындар шексіз алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жолдады.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.07.2015
3729
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру