Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков қасиетті рамазан айы барысында күнделікті бағдарламаға сәйкес түрлі сала, мекеме қызметкерлері, жетім, жесірлер, мүгедектерге арнап ауызашар ұйымдастырып келеді. Ауызашар дастарханының кезекті қонақтары облыстық мешіттің қажылары еді. Мешіттің қажы ақсақалдары мен әжелерін арнайы шақырып, ауызашар берді.
Өкіл имамы Смайыл Сейтбеков арнайы шақырылған қонақтарға рамазанның артықшылығы, қадір түнінің қасиеті жайында тұшымды уағыз айтып, қажыларға мешіт тарапынан әзірленген сыйлықтарды тарту етті. Қажы ақсақалдар мен әжелер өкіл имамға алғыстарын білдіріп, ақ баталарын беріп, қызметіне табыс тіледі.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.07.2015
3197
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру