Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қадір түнінің құрметіне орай қайырымдылық жасалды

13.07.2015 3226 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының діни салада басымдық беретін бағыттарының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру екендігі баршамызға белгілі. ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті осы бағытта Рамазан айының Қадір түні құрметіне мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қоса мұқтаж болған 25 отбасыларға  азық-түлік, киім-кешек және тұрмыстық қажеттілік негізінде көмектер көрсетіп, қайырымдылық жасады. Бұл шара барысында  отбасыларға  ұн,  макарон,  өсімдік майы,  қант, күріш, қарақұмық, халва, шай, ет және   басқа да азық – түліктер салынған қомақты пакеттер ұсынылды.

Өз кезегінде көмек алған азаматтар да мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.  Жалпы «Мәшһүр Жүсіп» мешіті жанынан құрылған «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі облыс бойынша әр түрлі бағытта қайырымдылық шараларын өткізіп келеді.

Алла Тағала баршамыздың дұға-тілектерімізді, әрбір қайырлы амалдарымызды Қадір түнінің құрметі үшін қабыл еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Бірлігіміз бен берекеміз артып, Жаратушы Иеміз әрқашан халқымызға жар болғай! Әмин!

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру