Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб имамдар арасында Құран жарысы өтті (ФОТО)

13.07.2015 3431 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті қасиетті Рамазан айының құрметіне облыстық наиб имамдар арасында «Құран оқу» сайысын ұйымдастырды.

Құран оқу сайысына Қызылорда қаласы мен облысқа қарасты мешіттерден барлығы 30-ға жуық талапкерлер қатысты.

Аталмыш сайысқа  ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы,  осы мешіттің найб имамы, ұстаз Гаджиев Мұхтар және  қари ұстаз Ғазизов Абдухалик қазылық жасады.

Сайыста талапкерлер Құранды мәнерлеп оқу, нақышына келтіріп жеткізе білу, дыбыстауда қателіктер жібермеу бойынша сынға алынды.

Нәтижесінде І орынды Арал ауданынан келген Мектеп Дастан, ІІ орынды Шиелі ауданынан Оспанов Нұрсұлтан, ІІІ орынды Тасбөгет кенті мешітінің найб имамы Уранов Ербол иеленді.

Сайыста үздік шығып жеңімпаз атанған найб имамдар мен талабын шыңдаған, белсене қатысқандарға арнайы бағалы сый-сияпаттар берілсе, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру