Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)ның мүбарак хадисінің бірінде «Кімде-кім Рамазан айында ораза ұстаушыларды құрметтеп, ауызашар берсе, ораза ұстағандай сауап алады», – деген.
Семей орталық мешітінің атынан қаламыздағы Тайқазан мейрамханасында мыңға жуық адамға жайылған ауызашар дастарханына арнайы шақырылған қонақтар мен Семей қалалық барлық мешіттердің жамағаттары ауыз ашты.
Өкіл имам Рамазан айының қасиеті бұл айдағы жақсылық пен қайырымдылық істерінің еселенетіндігі жайында, пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бұл құрметті айда жасаған құлшылықтары туралы уағыз-насихатын жеткізді. Ауызашар барысында дінімізге өзіндік үлес қосып жүрген азамат Дәуренбек Барқыұлын өкіл имам Алтыбай Мақсат мешіт атынан алғыс білдіріп, Құранды сыйға тартты.
Имандылық парыздарын өтеуге бет бұрған жандардың көбеюі – ел абыройының асқақтауы, қоғамның жақсылыққа беттеуі деп білеміз.
Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.07.2015
3120
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру