Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жақыныңа жәрдемдес, өз үлесіңді қос! (ФОТО)

13.07.2015 3468 0 пікір

Осындай игі бастама аясында Рамазан айының құрметіне орай Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешіті тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға, көп балалы жанұяларға, мүгедектерге, құлағы нашар еститін және саңырау жандарға жалпы саны 450 кісіге қайырымдылық пакет үлестірді. Әрбір пакет 20 келі салмағымен мұқтаж жандардың көңілін жұмсартып, жүздеріне қуаныш ұялатты.

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров ең алдымен көмек сұрай келген ағайынға қасиеті мол Рамазан айының қадірі жайында мазмұнды уағыз айтып, жаны жомарт жандардың жасаған қайырымды істеріне дұға жасап қоюды да естеріне салды.

Иә, Құдай тағаланың берген дүние мүлкінен қолын тас жұмып сараңдық етпей, қайырымдылық айы болған Рамазан сәтінде кеңпейілдікпен жақынға жәрдем жасауды мақсат тұтқан барша қайырымды кісілерге алғыстан басқа айтар сый жоқ.  

Мұқтаж жандар Діни басқарманың өңірдегі өкілдіктің ұйымдастыруымен жасалған қайырымдылық шараға дән ризашылықтарын білдірді. Осылайша Рамазан айы жағдайы асқан жандарды да, тұрмысы қиын отбсыларды да берекетімен қуанта түсті.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру