ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті қасиетті Рамазан айының құрметіне мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қайырымдылық жасады.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар – оларда қоғамның бір мүшесі. Ал, оларға мейіріммен қарап, қайырымдылық көрсету әрбір мұсылманның міндеті. Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлының бастамасымен облысымыздағы мылқаулар қоғамындағы бірнеше азаматтарға қайырымдылық жасалып, оларға азық-түлік, тұрмыстық қажеттілік негізінде көмектер көрсетілді.
Өкіл имам көкейлеріндегі ойын дауыспен жеткізе алмаса да көкірегімен, санасымен жеткізе білген осы азаматтарды Рамазан айымен құттықтап, қасиетті айдағы сауапты істер, сауапты амалдар турасында насихатын жеткізді.
Өз кезегінде көмек алған азаматтар да мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.07.2015
2984
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру