Құран – адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза. Құран – соңғы пайғамбарлықтың дәлелі, тура діннің үні әрі Ислам шариғатының ата Заңы.
9-шілде күні Рамазан айының құрметіне орай Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінде «Рамазан-Құран айы» атты қыз-балалар арасында қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп және жатқа оқудан сайыс өтті. Байқауға 9-25 жас аралығындағы қыз-балалар қатысып, өздерінің бақтарын сынады.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алған қыз балаларға Алла сөзі Құран Кәрімнің қадір-қасиетін айтып, игі шараларына сәттілік тіледі.
Байқау нәтижесіне орай Сабырова Аидаға бас жүлде бұйырса, 1-орынды Кенжешова Анаргүл, 2-орынды Дюсалиева Айзада, 3-орынды Жағпарова Әсел иеленді. Және де ынталандыру жүлделерімен Оразғалиева Фатима, Бақытжан София, Бақытжан Зайнаб марапатталды.
Бұл игі шараны өткізудегі мақсат – шәкірттерді Құранды көбірек жаттауға дағдыландыру, Алланың қасиетті кітабына деген ынта-ықыласын арттыру. Өйткені, Құранды жаттап, оны көкейіне тоқып өскен ұрпақ жамандыққа бой алдырмайды.
Құран жарысына 60-қа жуық медресе бүлдіршіндері көрермен болып қатысты. Ал, сайысқа қатысушылар сол жас шәкірттерге жақсы үлгілерін көрсетіп, өнегелік із қалдырды.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.07.2015
3776
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру