Жуырда, облыстық Зекет қоры мен Шардара аудандық «Шардара орталық» мешіті бірлесіп қайырымдылық іс шарасын өткізді.
Шараға облыстық Зекет қорының жетекшісі Өркен Сапарқұлов пен аудан имамы Асылхан қажы Дарияров арнайы қатысты.
Шара барысында Ө.Сапарқұлов Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің үндеуін танысытырып, облыс имамы Ахмет қажы Керімбек мырзаның құттықтауын жеткізіп, аудан тұрғындарына қасиетті Рамазан айы туралы баян етті.
Сонымен қатар, шара соңында көп балалы, тұрмысы нашар, мүгедек, науқас болған 55 отбасыға азақ-түлік түрінде қайырымдылық жасалды. Атап айтқанда, 1 қап ұн 50 кг, 5 литр сұйық май, 5 кг макарон, қант, күріш, және шай таратылды.
Қайырымды азаматтарға Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.07.2015
3409
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру