Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айының құрметіне қайырымдылық шара өткізілді

10.07.2015 3387 0 пікір

Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Заря востока» мешітінде қасиетті «Рамазан» айының құрметіне орай қайырымдылық іс-шара өткізілді.

Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан Оңғар қажы Өмірбек, Сағитжан Дәулетияр, Алматы орталық мешітінің наиб имамы Дулатбаев Жорабай, ауданның бас имамы Орынбасар Орынбайұлы қатысты.

Шара барысында 20 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Сонымен қатар мешіттің сауат ашу курсы шәкірттері арасында үздік бітіргендерге сыйақы үлестірілді. Мешіттің жаңа дәретханасының ашылуы да осы мерекелі күнге орайластырылды. Ұзақ жылдардан бері Ислам жолында қызмет етіп келе жатқан мешітттің бас имамы Жамалов Салер ақсақал мен Алатау ауданы Бас имамының иықтарына қазақы дәстүрмен шапан жабылды.

Шара соңында мешіт ауласында 300 адамға арнап ауызашар дастарханы жайылды.

Алатау ауданы, «Заря востока» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру