Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам түрлі ұлт өкілдері бар, соның біразы мұсылман диаспоралары. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалында олардың ұлттық мәдени орталықтары жұмыс істейді. «Қызылжар» орталық мешіті олармен бірге ел бірлігін, тыныштығын арттыру мақсатында түрлі игі шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Соның бір дәлелі, Рамазан айында қаламыздағы мұсылман мәдени орталықтары мешіт жамағатына алма-кезек ауызашар береді. Биыл да игі шара жалғасын табуда. Осы күнге дейін «Қызылжар» орталық мешітінде түрік, ауған, қырғыз, шешен, янгуш тағы да басқа диаспоралар күнделікті 300-ден астам адамға дастарқан жаюда.
Сондай ақ, биыл да облыс кәсіпкерлері, дінге жанашыр азаматтар бірінен кейін бірі ораза ұстаушы жамағатқа ауызашар дастарханын жайып, ауызашар беруде. Ауызашар рәсімі әлі де жалғасын таппақ. Мешіттің өзі де жүйелі түрде аз қамтылған адамдарға өңірлерде ауызашар беруде.
«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.07.2015
2901
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру