Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешіті 120 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті (ФОТО)

09.07.2015 3018 0 пікір
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешіті «Мұқтаждың мұңын бөліс!» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Қашанда қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастырып, тұрмысы төмен отбасыларға қарайласып тұратын «Әзірет Сұлтан» мешітінің бұл жолғы акциясы 120 отбасыны қамтыды. Акция барысында Рамазан айында мешітімізге көмек сұрап келген көп балалы отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға, мүгедек жандар мен асыраушысынан айырылғандарға қаржылай көмек көрсетіліп, азық-түлік берілді.

Қасиетті рамазан тек құлшылық айы ғана емес. Бұл айда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ауыз бекітіп, ораза ұстаумен қатар, көптеп жақсылық жасауды, садақа беруді, жұртқа көмектесуді бұйырған. Осы арқылы қоғамның барлық мүшелерінің бір-бірімен бірлігі артып, қасиетті рамазан айының нығметін сезе түсуі тиіс. Осылай деп ой толғаған «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Ораз жиналғандарды қасиетті рамазан айымен құттықтап, азық-түлік салынған сөмкелер мен қаржылай көмек табыстады.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру