Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Үшқоңыр» медресесі қыздар бөлімі талапкерлерді оқуға шақырады

09.07.2015 21217 2 пікір

2015-2016 оқу жылдарына Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында орналасқан арнаулы орта білім беру мақсатында ашылған медресеге оқуға түсемін дейтін талапкерлер шілде айының 20-нан тамыз  айының 20-сы   аралығында құжаттарын тапсыра алады. 

Медресенің оқу жүйесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығымен жүргізіледі.

Оқу түрі күндізгі

Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай

Бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Мемлекеттік лицензиясы: № KZ56LAA00004625

Медресе оқу ғимаратында кітапхана, компьютер сыныбы, лекциялық аудиториялар, асхана, жатақхана және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген. Медреседе жоғары тәжрибелі исламтанушы мамандармен бірге медресе қабырғасында бірнеше жылдық іс-тәжрибесі бар оқытушылар дәріс береді.

Медресе шәкірттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады. 

Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі:

- Медресе директоры атына өтініш;

- Жергілікті имамдардың берген ұсынысы;

- Өмірбаян ;

- Орта білім беру туралы аттестат (түпнұсқасы) ;

- 086 үлгідегі дәрігерлік анықтама + (флюрография) ;

- 63 үлгідегі анықтама ;

- Психодиспансерден анықтама ;

- Наркодиспансерден анықтама ;

- Көлемі 3*4 сурет (6 дана) 4*6 сурет (1 дана) ;

- Жеке куәліктің көшірмесі ;

- Тұрғылықты жерден анықтама ;

- Сотталмағандығы  жөнінде анықтама ;

Мекен жайымыз: Алматы облысы , Жамбыл   ауданы,қарғалы  ауылы, Журунов көшесі  68.

Байланыс тел: +7 747 935 63 46; +7 707 874 70 44

Пікірлер (2)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Милана | 14.01.2018 08:52

Ассалямуалейкум!

1)кыздар 9 сынып  тан бастап тапсыра алама?

2)емтихан пандери кандай ??

Saılaýbekova Aıtolqyn | 22.12.2018 02:33

Әссәләму ъәләйкум, ақылы ма?егер,иә болса қанша?