Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зиялы қауым өкілдеріне ауыз ашар берді

09.07.2015 3444 0 пікір

Шымкент қаласындағы «Кәусар» дәмханасында облысқа еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдеріне және жергілікті БАҚ өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлерге арналған ауыз ашар берілді.

Игі істі ҚМДБ-ның ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбектің ұйытқы болуымен қалалық “Абдул Хамид Қаттани” мешітінің имамы Бақдаулет Абдрахманов ұйымдастырды.

Ауыз ашар рәсіміне арнайы қонақ болып облыстық ішкі саясат және дін істер басқармасының басшысы Берік Уәли, облыстық Мәдениет басқармасының бастығы Күлия Айдарханова, Әлеуметтік бастамалар орталығы директоры Нұржан Арыстанбекұлы т.б. азаматтар қатысты.

Кеш барысында сөз алған ҚМДБ-ның ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек қасиетті Рамазан айы туралы әңгімелеп, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ел халқына жолдаған үндеуін таныстырды.

Шара барысында қариялар бүгінгі бейбіт күннің қадірін бағалауға шақырып, Тәуелсіз еліміздің болашағы үшін жақсы тілектерін білдіріп, ақ баталарын беріп тарасты. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру