Қасиетті Рамазан айында әр пенде игіде, жақсы сауапты істерді жасап қалуды қалайды. Өйткені бұл айдағы әрбір жақсылықтың сауабы еселенетіндігі айтылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Жақсылықтың және игіліктің жаршысы болыңдар», «Ең жақсы адам - басқаларға пайдасы көп тиген адам» - деген. Осындай игі істің жаршысы болған, ақ халатты абзал жан «Ар – Дан» тіс емханасының басшысы, жоғары санатты дәрігер Бақытгүл Амантайқызы мешітке келіп, ораза айы құрметіне, Алланың разылығы үшін 20 – дан астам мұқтаж адамдардың тістерін тегін жөндеп беретіндігін айтты. Мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы жазғы сауат ашу орталығында оқып жатқан шәкірттер тізімін жасап, ертіп апарып, ем қабылдауды көріп қайтты. Бақытгүл Амантайқызы бұндай қайырымдылықтың өзінің кәсібінің зекеті екендігін айтып, көптен ойында жүрген ісін жүзеге асыруды мақсат еткен еді.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, басқаға үлгі болсын» - дегендей осындай жақсы іске атсалысып, жарысайық ағайын.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.07.2015
3384
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру