Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мырза, Талдықорған қаласындағы сәулетті де зәулім «Атамекен» мейрамханасында 500 адамға ауызашар берді.
Облыс әкімінің арнайы жайған ақ дастарханынан жетісу жұтшылығының зиялы қауымы дәм татты. Алғашқы сөз Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мырза жыйылған халықты Рамазан айымен құттықтап, елімізге, жақсылық тіледі. Өз кезегімен сөз алған ҚМДБ-ның Талдықоған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы жайылған ауызашарды жақсылыққа балап, облыс әкіміне Қасиетті Рамазан айы ол, Құран түсе бастаған ай яғни Құран айы дегенді тілге тиек етіп, күміспен қапталған ұлы сыйлық Құран Кәрімді сыйға тартты. Сонымен қатар облыстық филармонияның термешілері Майлықожа, Шалақын бабаларымыздың өнегелі термелерін нақышына келтіріп орындады.
Көңілдерін қуаныш кернеген қонақтар, ауызашар соңында облысы әкімі Амандық Баталов мырзаға ақ тілектерін жаудырып, нұр шашқан келесі Рамзанға аман-есен жетуімізге ниеттерін білдіріп, қуанышпен тарқасып жатты.
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.07.2015
3384
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру