Қасиетті Құрандағы «Хаж» сүресінің 77 аятында «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни, ақыретте де тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)», делінген. Мұқтаж адамдарға көмек қолын созу сауапты іс. «Қызылжар» орталық мешіті өңіріміздегі жетім балалар мен жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық пен қамқорлық жасауды игі дәстүрге айналдырған. Қасиетті Рамазан айында мешіт имамдары Аққайың ауданындағы Смирнов қарттар үйіне облыстық Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры әртістерін арнайы концерттік бағдарламамен апарып, оларға жақсы көңіл күй сыйлап қайтты. «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қасымхан Абдоллаұлы интернат қарттарына: «Әр пенденің сауапты амалымен, тақуалығымен Алланың алдында дәрежесі артады. Еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы биылғы Рамазан айындағы Үндеуінде жомарт, жанашыр азаматтарды көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетуге қайырымдылық жасауға, жетім мен жесірге мейірімділік танытып, қараусыз қалған қарттарға көңіл бөлуге шақырды. Рамазан айы мейірімділіктің, ізгіліктің айы, Алдағы күндері де мешіт тарапынан Сіздерге қамқорлық көрсетіле беретін болады», деді.
Сондай-ақ, қарттар үшін дастарқанға мешіт имамдары әкелген тәтті дәмділер мен бауырсақ қойылып, дәм берілді.
СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.07.2015
3154
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру