Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы болашақ исламтанушыларға қасиетті Рамазанның берекелі кештерінде ауызашар дастарханын жайды. Алматы облысы Талғар қаласында орналасқан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің дайындық курсында білім алып, дәл қазіргі жағдайда университеке құжат өткізіп, емтихан тапсырып жатқан талапкерлер үшін Бас мүфтидің өзі құрмет көрсетіп, ауызышыр беруі ерекше әсер қалдырды.
Алпыстан астам білім талапкерлері мен тәрбиеші, ұстаздар қауымына Бас Мүфтидің жылы лебізі мен құттықтау сөзін жеткізген ҚМДБ-ның Шаруашылық іс басқарушысы Орын Ербосын мен «Халал» өнімдерін стандарттау және сапалық тексеру бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев Рамазанның қадір-қасиеті жайлы айта келе, құлшылық-ғибадаттарды арттырып, тақуалыққы ұмтылудың маңыздылығына тоқталды.
Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде айтылғандай, кімде-кім білім жолына түссе, Алла тағала оның жәннатқа бару жолын жеңілдетпек. Яғни ислами білімнің өзі Алланың таңдаулы құлдарына бұйыратындықтан ҚМДБ өкілдері шәкірттерге білім жолында бір-бірінен басып озуын, ұстаз ұлағатының ортаймай, қос тараптың да толағай табыстарға жетуін тілеп, дұға жасап, бата берді. Сырлы уағыз , хикметті насихатқа толы ауызашардың еліміздің болашақ дін мамандарының есінде ерекше сақталары сөзсіз.
Айша Кеңесбай,
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.07.2015
3295
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру