6 шілде - Астана күніне орай "Иманғали" орталық мешіті Атырау қаласының бір топ ардагерлерін құрмет тұтып, арнайы ауызашар дастарханын жайды. Оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Тыл және еңбек ардагерлері шақырылды. Тоқсанның төбесінен көрінген ҰОС-ның ардагері, өнегелі қария Әлібек Түсібәлиев шақыруды құп алып, ақ дастархан төрінен көрінді.
Көп жасап, көпті көрген ақсақал Әлібек Түсібәлиев жиналған жастарға өмір жолынан сөз қозғап, бүгінгі бейбіт күннің қадірін бағалауға шақырды. Тәуелсіз еліміздің болашағы үшін жақсы тілектерін білдіріп, ақ батасын да берді.
Өзге де қазыналы қариялар бірінен-кейін бірі сөз алып, еліміздің өркендеп, мұнан әрі дами түсуіне жүрекжардылебіздерін білдірісіп, өнегелі әңгімелерімен бөлісе отырды.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров қазыналы қариясы бар ел бақытты екенін атап, үлкендерді құрметтеудің сауаптылығы жәнеқасиетті Рамазан айының берекесі жайында уағыз айтты. Ауызашар соңында Құран оқылып, еліміздің бейбітшілдігі мен халқымыздың тыныштығы үшін дұға жасалды.
Қазыналы қарияларды құрметтеп, ардагерлерді ардақтауды мұрат етіп, ақ дастархан жайған өңір имамы Батыржан Берденұлына және мешіт ұжымына ақсақалдардың баршасы шексіз ризалықтарын білдіріп, рухани әсермен тарқасты.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.07.2015
3544
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру