ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті Сыр өңіріндегі Ислам дінінің дамуына, тұрғындардың діни сауаттылығын арттырып, бауырларымызды асыл дінімізге тартуда аянбай еңбек етуде.
Оның бір көрінісі ретінде аймағымыздағы Ислам дінін қабылдаушы түрлі ұлт өкілдері санының артуы мен адасқан жолдан тура жолға оралған бауырларымызды айтуға болады.
Осындай жарқын қуаныштың бірі – Қасиетті Рамазан айында Ислам дініне кіріп, дінімізді қабылдаған мұсылман бауырымыздың қатары Ли Элла Робертқызы есімді азаматшамен толықты.
Элла Робертқызы жанына жақын адамдарының алдында кәлима шаһадатын айтып, Ислам дінінің құныдылықтары туралы насихат тыңдады.
Өз кезегінде өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы Алла Тағала иманды тек таңдаулы құлына ғана сыйлайтындығын түсіндіріп, қуанышымен құттықтады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.07.2015
3278
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру