Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков 4-ші шілде күні облысымыздағы ірі мұнай кен орындарының бірі, Ақтаудан 200 шақырым қашықтықтағы «Қаражамбасмұнай» АҚ-ның қалашығындағы мәжіліс залында мұнайшылармен кездесу өткізді.
Рамазан айы болғандықтан кездесу кешкі сағат 20:00-де басталды. Бір жарым сағатқа созылған кездесудің мақсаты мұнайшыларды теріс ағымнан, соның ішінде уаһһабилік ағымынан сақтандыру болатын. Өкіл имам қазіргі діни ахуалға тоқтала келе уаһһабилік ағымның елімізге қалай келгенін, олардың мақсаты мен қоғамға тигізер залалы жайында кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар түрлі теріс діни идеологиялардың жастарға соның ішінде мұнайшыларға әсері жайында да айтып өтті.
Бүкіл әлемді және біздің елімізді де алаңдатып отырған Сирия еліндегі азаматтық соғыстың ешқандай да жихадқа жатпайтынын баса назарда айтты. Шариғат бойынша мұсылманға қару кезенудің күнә екенін жан-жақты дәлелдермен түсіндіріп берді. Өздерін сәләфи санайтын ағым өкілдерінің айтып жүрген бет сипауға болмайды, Құран оқуға болмайды, келіннің сәлем салуы ширк т.б. осындай күнделікті ұшырасып жатқан проблемалы мәселелеріне әһлу сүннет ұстанымы бойынша толыққанды жауап берді.
Кездесуден кейін мекеме басшылығы өкіл имам С.Сейтбековке арнайы ауызашар дастарханын жайып, тағылымды уағызы үшін алғыстарын білдіріп шығарып салды.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.07.2015
3051
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру