Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Журналистер қауымына ауызашар берілді (ФОТО)

06.07.2015 2954 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан Жетісу журналистер қауымына «Меруерт» мейрамханасыда ауызашар берілді. Өкіл имам  барша қонақтарды бас мүфтидің атынан рамазан айымен құттықтады. Сонымен қатаркиелі айдың қадір-қасиеті жайлы уағыз - насихат айтты. Ауызашардың мәнін дәстүрімізбен сабақтастыра шырқалған жарапазан сынды жырлар одан әрі аша түсті. 

Қонақтарға кітаптар және басқада сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ, журналистер қауымының үлкендері Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазретке өз ризашылықтарын жеткізе келе, қаншама игі іс-шаралардың бастамашысы болып жүргеніне куә екендерін білдіріп, еңбегіне жеміс, қызметіне табыс тіледі.  

 Ауызашар соңында Туркия елінен келген қонағымыз Сабри мырза құран оқып, дұға жасады.

 

Талдықорған өңірі бойынша

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру