Бесін намазына қатысқан түрік басшысы жамағатпен бірге қол жайып, қазақ елі үшін дұға жасады. Қасиетті рамазан айында қазақ еліне ат басын тіреген айтулы тұлға «Әзірет Сұлтан» мешітіің жамағаты жайында да жағымды пікір білдіріп, өз ризашылығын жеткізді. Мешіт жамағаты естелік ретінде айтулы тұлғамен суретке түсіп, сұхбаттасып қалуға да үлгерді.
Алыстан келген арнайы қонаққа «Әзірет Сұлтан» мешітінің құнды жәдігерлері таныстырылып, жалпы мәлімет берілді. Елбасымыздың «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы тарту еткен көне Құран нұсқасы (ХІІ ғасырға тиесілі) мен күмістен құйылған Құран парақшалары Абдулла Гүл мырзаға ерекше әсер қалдырды.
Орта Азиядағы құлшылық ордалары қатарында орны ерекше «Әзірет Сұлтан» мешіті өзінің қазақи нақышымен қаншама жанның көңіл көзін тойдырып, таңданысын тудырып келеді. Солардың бірі бүгінгі айтулы қонағымыз Абдулла Гүл мырза болды. Қоштасар сәтте түрік елінің экс президенті «Әзірет Сұлтан» мешітінің жұмысы алға басып, өркендей беруіне тағы да тілектестігін білдірді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.07.2015
3520
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру