Кеше ОҚО облыстық орталық мешітінде ардагер аталарымызға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан ауызашар дастарханы жайылды.
Ауыз ашар рәсіміне облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов және ақын-жазушылар, т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты. Шараны облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек ашып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының хазреттің құттықтауын оқып берді. Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеттері туралы әңгімеледі.
Алла ниетімізді қабыл етсін!
ОҚО бойынша өкілдігінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.07.2015
3349
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру