Маңғыстау облысы, Түпқараған аудан орталығы Форт Шевченко ауылында «Қош келдің рамазан!» атты рухани кеш өтті. Бас мүфти тапсырмасына орай әрбір өкілдікке рамазан айын барынша насихаттау мақсатында түрлі шаралар өткізу міндетелген болатын. Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Бас мүфти тапсырмасына орай түрлі шараларды өткізуде. Түпқараған аудан имамы мен аудандық әкімшіліктің ұйымдастыруымен Форт Шевченко ауылындағы мәдениет үйінде 3-шілде күні тағылымды рухани кеш өтті.
«Қош келдің рамазан!» атты рухани кешке ауыл тұрғындары мен жастар келді. Кеш дәстүрге сәйкес Құран оқылып ашылды. Артынан Түпқараған аудан әкімінің орынбасары жиылған жұртшылықты рамазан айымен құттықтады. Кешке арнайы шақырылған өкіл имам С.Сейтбеков қасиетті рамазан айының артықшылығы мен сауабы жайында тартымды уағыз айтып, осы айда сауапты іс жасауға әрі Алланы разы ететін амал жасауаға шақырды.
Кеш барысында күй, термелер мен ән, жырлар орындалды. «Бақыт деген не?» атты сахналық қойылым қойылды. Рухани кештен кейін Түпқараған аудандық мешітте ауыл тұрғындарына арнап ауызашар берілді. Өкіл имам ауызашар қонағы болып, кешті ұйымдастырған барша азаматтарға алғысын білдіріп, Ақтау қаласына оралды.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.07.2015
3213
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру