Алла тағаланың өз құлдарына ризықты мол етіп беретін қасиетті Рамазан айы ізгіліктерге де толы болады. Жаны жабырқағанға жанашырлық танытып, мейірімділік танытудың да сауабы мол.
Жақында Науан хазрет атындағы Көкшетау орталық мешіті мен «Зекет» қоры өкілдігі бірлесіп, жаны жабырқаған зағып жандарға «Имран» дәмханасында ауызашар берді.
Бұл шараға барлығы қырыққа тарта адам қатысты. Ауызашар дастарханында «Зекет» қорының Ақмола облысындағы өкілі Ерболат Шәріпов қасиетті айдың тағылымы жайлы уағыз айтты. Онда Алла тағала өз құлдарын шапағатына алып, мейірін төгетінін де әңгіме өзегіне айналдырды.
Өмірде күйбең тірлік кешкен зағып жандар ауыздарын ашып, шариғат жайлы әңгімеге қанығып, бір серпіліп қалды. Жергілікті мешіт пен «Зекет» қоры атына жылы лебіздерін білдірді. Осыған дайін де қайырымдылық жасап, азық-түлікпен көмек көрсеткенін де еске салды.
Ал, Ерболат Шәріпов мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты. Соңынан асқа жиналған жамағаттың сұрауымен дұға тіленіп, құран оқылды.
Бақыт СМАҒҰЛ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.07.2015
3179
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру