Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балалар шаттыққа бөленді

04.07.2015 2965 0 пікір

Рамазан айы мейірімділік пен ізгіліктің айы. Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Азамат Мырзақанов Ораза кезінде қайырымдылық шараларына ерекше көңіл бөлуде.

Ол жуырда ғана облыстық балалар үйінде болып, ондағы тәрбиеленіп жатқан ұл мен қыздармен жүздесті. Әңгіме барысында Рамазан айы жөнінде жан-жақты мағлұмат берді.

Сондай-ақ өзі басқаратын мешіттің атынан оларға арнайы дастархан жайып, тәтті тағамдар ұсынды. Жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер өздеріне көрсетілген құрмет пен сый-сыяпатқа ерекше риза болды.

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы

өкілдігінің баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру