Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Меншікті тілшіміз – ақпарат саласының үздігі

04.07.2015 3424 0 пікір

Журналистер күні қарсаңында  «Ислам және өркениет» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі, Науан хазрет атындағы Көкшетау орталық мешітінің баспасөз хатшысы  Бақыт Смағұл «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат оған баспасөз саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін беріліп отыр.

Ол ширек ғасырдан бері баспасөз саласында қызмет етіп келеді. Оның есімі газет оқырмандары ұлт және дін мәселесін көтерген мақалалары арқылы таныс. Журналистік өмірдің күңгейі мен келелі көріністерінен сыр шертетін  «Арым – араша» кітабының авторы.

Біз де оны осынау марапатымен шын жүректен құттықтап, оған шығармашылық табыс тілейміз.

 

ҚМДБ-ның   Ақмола облысы

 бойынша өкілі Қанат Қыдырмин

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру