Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыс әкімі ауызашар берді (ФОТО)

03.07.2015 2952 0 пікір

Маңғыстау облысының әкімі Айдарбаев Алик Серікұлы 2-шілде күні ауызашар берді. Облыс әкімінің ауызашар дастарханына облысымызға белгілі тұлғалар, ардагерлер, ақын-жазушылар, облыстың және қаланың құрметті азаматтары мен облыс әкімінің орынбасарлары, қажы ақсақалдар қатысты.

Ауызашар уақыты кірісімен Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков ауызашар батасын жасап, дұға етті. Облыс әкімі А.Айдарбаев келген қонақтарды рамазан айымен құттықтап, Елбасымыздың дін саласындағы сарабдал саясатын тілге тиек ете отырып, облыстың тыныс тіршілігі жайында қысқаша айтып өтті.

Өкіл имамы С.Сейтбеков дастархан басында қасиетті рамазан айының артықшылығы мен сауабы жайында уағыз айтып отырды. Өкіл имам келген қонақтардың рамазан айына деген жылы лебіздерін білдіру үшін Маңғыстау облысының құрметті азаматы Төлеуғалиев Бектұрға сөз берді. Б.Төлеуғалиев ауызашар дастарханына жиылған жұртшылықты рамазан айымен құттықтап, облыс әкіміне ризашылығын білдірді.

Діні мен дәстүрі сабақтасқан елміз. Осыған орай дастархан басында айтыскер ақын Оразов Қамбар терме орындап, ақын Назарбек Сайын «Мұхаммед – адамзаттың ардақтысы» атты діни өлеңін оқып берді.

Өкіл имам С.Сейтбеков облыстық мешіт тарапынан барша қонақтарға рамазан айына арнайы дайындалған сыйлықтарды тарту етті. Жиын соңында мешітіміздің қажы ақсақалы Исаев Лепес ата ас қайырды. Артынан өкіл имам Құран оқып дұға жасады.   

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешіттің баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру