Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарттар үйінде ауызашар дастарханы жайылды

02.07.2015 3445 0 пікір

Талдықорған өңіріне қарасты, Текелі қалалық қарттар үйінде, қарттар мен мүгедектерге Бас мүфтидің ауызашар дастарханы жайылды. Ауызашар дастарханына келген қарттарымыз бен мүмкіндігі шектеулі жандар сауапты сыйға ақ баталарын беріп, жақсы тілектерін жеткізді.

Аталмыш игі шараға қатысқан Талдықорған орталық «Иман» мешітінің наиб имамы Керімбек Сәрсембайұлы қарттарға оразаның пайдасы туралы әсерлі уағыз айтса, Текелі қалалық Қарттар мен мүгедектер үйінің директоры Алма Мұқанғали қызы хазреттің атынан жайылған ақ дастарханды жақсылықтың нышаны екенін тілге тиек етті.

 

Талдықорған өңірінің

баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру