Қасиетті РАМАЗАН айының ортасында Алматы Орталық мешіті жанындағы сауат ашу курсының ардақты әжелері мен асыл аналары құран аяттарын хатым етіп бітірді. Ықыласты ниетпен әр күнде екі парадан құран тыңдаған әжелеріміз имандарын қайрап, жүректерін құранмен нұрландырды. Ұрпақтың текті болуының негізгі кепілі – аяулы ананың тақуалығында екенін терең ұғынған аналарымыз бүгінде өздері еркін Құран оқи алады. Жүрек тыныштығын құраннан таба білген әжелеріміз осы игі істі ұйымдастырушыларға шексіз алғысын білдіріп, баталарын берді.
Алланың қасиетті, шипаға толы аяттарын толық оқып шыққан кісінің дұға-тілектері қабыл болатынын білетін аналарымыз еліміздің өркендеп, дініміздің қуаттануына, елбасы мен дінбасыға жүрекжарды тілектерін ақтарды.
Құран хатымын Алматы орталық мешіті сауат ашу курсының ұстаздары жүргізді. Әр әріпке берілетін сауапты үміт еткен қари ұстаздар мен білім алуды мақсат тұтқан аяулы аналарымыз бұл Рамазандағы игі істерін өмірлеріне өрнек етіп алғандай. Хатымға 50-70 жас аралығындағы 30 шақты апалар қатысты. Ұстаздың оқығанын тыңдап, кітаптан ілесіп отырып ықылас қойған аналарымызға Алланың разы болуын тілейміз. Рақымы мол Алла Өзінің қасиетті сөздерін баршамыздың көкейімізге салып, амалымызбен әрлесін.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.07.2015
3510
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру