30-маусым күні Атырау облысы әкімдігінің мәжіліс залында Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысының кезекті бас қосуы өтті. Оған облыс әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес мүшелері, қала және аудан әкімдері, Дін істері басқармасы мен оған бағынысты «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-нің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Отырысқа облыс әкімінің, облыс әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес төрағасының орынбасары Шыңғыс Мұқан төрағалық жасады.
Кеңес отырысында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров өңірдегі мешіттердің осыған дейінгі жасаған қызметтері жайлы баяндап, атқарылған игі істерді видео-слайд бағдарламасы аясында көрсетті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының діни бағытта атқарылуы тиіс төрт бағыттағы тапсырмасы яғни уағыз-насихат, теріс ағымдармен жұмыс, қайырымдылық іс-шаралар және сауат ашу курсының Атырау өңіріндегі нәтижесі нақты дәйек-сандармен жан-жақты көрсетілуі Кеңес мүшелерінің көңілінен шықты.
Облыс әкімінің, Кеңес төрағасының орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Бас имам Батыржан Берденұлының өңірдегі діни ахуалды жақсартуда орасан еңбегі бар екенін айтып, атқарған істерінің өзгелерге үлгі боларлық тұсын ерекше атады. Жиын соңында кеңес мүшелері аймақтағы діни ахуалды тұрақтандырып, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алу бағытында өз ұсыныстарын айтып, пікірлерін білдірді.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.07.2015
2984
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру