Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оразадағы оң бастамалар

01.07.2015 2928 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы қасиетті Рамазан айының құрметіне бірнеше ауқымды игі шаралар атқарды.  Рамазан айына жоғары дәрежедегі дайындықпен кірген мешіт ұжымы бірінші кезекте қарапайым тұрғындардың, жамағаттың хал-ахуалын жасауды назарға алды. 

Олар үшін мешіттерде арнайы сусындар орналастырылып, оразаның алғашқы күнінен-ақ ауызашар берліп, арнайы көліктер әзірленіп, қайырымдылық шаралары жасалды.

Жалпы  Рамазан - қайырымдылық  айы. Ораза – жақсылық, құлшылық жасайтын үлкен мүмкіндік. Рамазан айының құрметіне орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы, бас имам Талғат Сейіткәрімұлының бастамасымен қала тұрғындарына оразаның құрметіне арнайы сый-сияпаттар таратылды.

Өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы әрбір тұрғынға жеке көңіл аударып, Рамазан айымен құттықтап, игі тілек-дұғасын жеткізді.

Өз кезегінде қала тұрғындары өкіл имамның осындай кішіпейілдікпен тұрғындармен қатынас орнатып, дұға-тілегін жеткізуіне ризашылықтарын білдірді. 

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру