Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАҚ өкілдері ауызашарға қатысты

01.07.2015 2877 0 пікір

Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің ауласында тігілген киіз үйде күн сайын ауыз бекіткен түрлі сала қызметкерлеріне ауызашар дастарханы жайылып келеді. Маусым айының 29-ы күні өткен кезекті ауызашар дастарханына өңірге қарасты аузы берік БАҚ өкілдері шақырылды. Атап айтқанда, облыстық "Қазақстан-Атырау" телеарнасының, "Атырау" және "Прикаспийская коммуна" газетінің және тағы басқа өңірге қарасты басылымдардың қызметкерлері қатысты.

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров барша журналистер қауымына қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті жайында уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ бас имам халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаумен қатар елінің әр жеткен жетістігін жарыса жариялайтын барша журналистер қауымын кәсіби төл мерекелерімен құттықтап, талаптарының өрге басып, төңіректеріне игі жақсылар жиналуына тілектестігін білдірді. «Иманғали» орталық мешітінің ұжымы атынан журналистерге сыйлық табыстады.

БАҚ өкілдері де өз кезегінде бірінен соң бірі сөз алып, ақжарма тілектерін жеткізді. Бас имам Батыржан Берденұлының игі істеріне куә екендіктерін айтып, әрдайым имандылық аясынан табылатындықтарын білдірді. Төл мерекеде елеп-ескеріп, журналистер қауымын ауызашар дастарханына шақырып, сый-сияпат көрсеткен мешіт ұжымына ризашылықтарын жеткізді.  

"Иманғали" орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру