Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Бас имамы Жұманазар Садырхановтың бастамасымен Рамазан айында қайырымдылық, ауызашар, т.б дін мен дәстүр сабақтастығын қуаттайтын бір қатар салихалы іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Кеше, Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында келген қасиетті рамазан айында «Anadolu Sofrasi» мейрамханасында Ислам дінін қабылдаған өзге ұлт өкілдеріне арнайы ауызашар дастарханы жайылды.
Бас имамның қатысуымен өткен іс-шараға мұсылмандар қатарын толықтырған өзге ұлт өкілдері мен қатар, Мамлюк Асханұлы мен Санху Закир қатарлы найб имамдар да арнайы келді. Дастархан басында имамдар мен азаматтар ой ортақтастырып, пікір алмасты.
Мешітіміздің найб имамы Санху Закир Ислам нығметі, иман құндылықтары, Рамазан айының артықшылығы мен ораза ғибадаты жайында ресми тілде тұщымды уағыз айтты.
Игілікті шараның соңында Бас имам Ж.Садырханов елімізде қалыптасқан ұлттар достығының маңызына тоқтала келіп, жерімізге амандық, елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік тілеп дұға жасады. Сонымен қатар, ауызашарға келген азаматтарға "Дін мен дәстүр", "Тәпсір тұнығы", т.б діни кітаптар сыйға берілді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.06.2015
3177
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру