Сауабы мол қасиетті айда игі іске ат салысудың өзі бір қуаныш сыйлайды. Аллаға шүкір, сондай қуанышты сәттерді «Иманғали» орталық мешіті әрбір рамазан кештерінде ауызашар сауапты шарасымен өткеріп келеді.
Маусым айының 28-күні еліміздің егемендігіне және Атырау облысының өркендеп-дамуына өзіндік үлесі бар бір топ зиялы қауымға арналып «Иманғали» орталық мешітінде ауызашар берілді. Ақ дастарханда бас қосқан игі жақсылар өткен тарихқа да тоқталып өтті. Әрине, бұрынғы кезеңмен салыстырғанда қазіргі күніміздің әлдеқайда берекелі екенін атады.
Бүгінгі бейбіт күннің қадірін біліп, имандылық аясында ұйыса білу, көптен бөлініп, дара жүруге емес, әркім елінің ынтымағына ат салысуы маңызды іс екені де зиялылар сөзімен жеткізілді. Сондай-ақ, зиялылар өңір имамы Мансұров Батыржан қажының жас та болса, бас бола біліп, қаншама шаралардың бастамашысы болып жүргеніне куә екендерін білдіріп, еңбегіне жеміс, қызметіне табыс тіледі.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы зиялы қауым өкілдеріне алғысын білдіріп, барша жамағатқа қасиетті рамазанда жасалар сауапты істер жайында уағыз-насихат жасады.
Сондай-ақ, ауызашар барысында өңірдің қадірлі ақсақалдары мен ағалары сөз алып, мүбәрак Рамазан айына тілектерін айтты. Ауызашардан кейін Құран оқылып, елдің амандығы мен халқымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасалды.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.06.2015
3023
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру