Маңғыстау облыстық орталық мешітінде биылғы жазғы сауат ашу курсын 125 ұл, 60 қыз бала аяқтап шықты. Балалардың бір ай алған білімдерін сынап, үздіктерін анықтау мақсатында «Білім екі дүние шамшырағы» атты діни сайыс өткізілді. Мешіт ұстаздары және облыстық орталық мешіттің жастар ісі жөніндегі бөлімі ұйымдастырған шараға өкіл имам С.Сейтбеков қатысты. Бас имам балаларға білім алу жайында, ата –анаға қамқорлық көрсетіп, елдің абыройлы азаматы болу керектігі туралы насихат айтты.
Жарысқа қатысқан шәкірттер топқа бөлініп, Ислам негіздері, тәжуид ережелері бойынша берілген сұрақтарға жауап берді. Жарыс қорытындысында жеңімпаз топтар мен білгір шәкірттер арнайы сыйлықпен марапатталды. Балалардың барлығына кітаптар мен сертификат берілді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.06.2015
3011
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру