Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам журналистерді марапаттады

30.06.2015 3309 0 пікір

28 маусым – баспасөз күніне орай өкіл имам С.Сейтбеков жергілікті  «Қазақстан - Ақтау» телеарнасының тілшілері Нысаналы Ығыл мен Ғабиит  Абутовты  марапаттады. Аймақтық телеарна эфирінен апта сайын берілетін «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасының жүргізушілеріне арнайы сыйлық ұсынылып, Алғыс хат табыс етілді.  

«Дін насихаты жолында атқарған елеулі еңбегіңіз үшін алғысымды білдіремін. Еңбегіңіз табысты болып, әрдайым асыл дінімізді насихаттау жолында  жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуде үлес косуыңызға тілектеспіз. Алла деніңізге саулық, отбасыңызға амандық беріп, екі дүние бақытын нәсіп етсін!» , -делінген Алғыс хатта. 

 

Телеарна ұжымы ауыз ашты

Рамазанның кезекті ауызашар дастарханына аймақтық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының қызметкерлері қонақ болды. Журналистері мен режиссерлері, операторлары мен монтажерлары бас қосқан отырыста өкіл имам С.Сейтбеков  уағыз насихат айтты.  

Бүгінде Маңғыстау аймағын түгелдей қамтып отырған  жергілікті теларна  «Отау» спутниктік желісі арқылы еліміздің барлық аймағына да таралады. Телеарна басшысы Ж. Ағыбаевтың қолдау көрсетуімен «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасы тұрақты түрде әр жұма сайын көрерменге жол тартып отыр. Бағдарламаға қатысатын имамдар әр түрлі тақырыпта сөз қозғап, көпшілікті толғандырып жүрген мәселелерге де жауап береді.

Ұжым болып рамазан кешінде бас қосқан телеарна қызметкерлері өкіл имамға алғыс айтып, жасалып жатқан игілікті істердің қабыл болуын тіледі.

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру