Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп, әрі жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екендігі бәрімізге мәлім. Журналистер салмақты сөздері мен салиқалы пікірлері арқылы халыққа хақ дініміз жайлы сөздерімізді жеткізіп, маңызды міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқаны әмбеге аян. Қаламымен қасиетті тақырыпты тұрақты сөз етіп, асыл дініміздің құндылықтарын насихаттап жүрген тілшілеріміз Аллаға шүкір, баршылық. Солардың бір парасын ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исенов кәсіби мерекелерімен құттықтап, «Алғыс хатпен» марапаттады. Өкіл имамның марапатына облыстық «Сарыарқа самалы», «Ертіс дидары» газеттері, облыстық «Халық радиосы», қалалық «Ирбис» телеарналарының журналистері Ерболат Балқашұлы, Тілеуберді Сақабаұлы, Зүлфира Базарбекқызы, Раушан Сейітханқызы, Әсемгүл Наурызбайқызы, Махаббат Кәмесханұлы, және белгілі қаламгер Арман Қанилер ие болды.
Өкіл имам Нариман Ермекұлы журналистерге арнаған лебізінде: «Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шығармашылық еңбектеріңізге шабыт, отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық тілеймін. Әрдайым қаламыңыз жүрдек, ойларыңыз сергек болып, сөздеріңіз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға шақыра берсін»,-деді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.06.2015
3141
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру